«Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 49 Қаулысы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 49 Қаулысы

 

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4002 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

2-тармақ:

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«8-1) тіркелген баға – өндіруге, сақтауға, табиғи кемуге (кебуге), межелі орынға дейін жеткізуге кеткен шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының 10 (он) пайызынан аспайтын маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;

8-2) форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттармен базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгілі бір мерзімі өткеннен кейін өзіне міндеттеме алатын туынды қаржы құралы;»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі - Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне:

1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпаратты;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.